Қарағандыда марихуана сақтаған Ресей азаматы қолға түсті. 46 жастағы ресейліктің қаладағы радио станциялардың бірінде дыбыс режиссері болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
Қазыбек би ауданы прокуратурасы хабарлағандай, оның жалдап тұрған пәтерінен қағазға оралған марихуана табылыпты.
Күдіктінің жұмыс орнынан пайдаланылған шприцтер табылған көрінеді.
«Сараптама нәтижесінде оның есірткіге тәуелді екені анықталды. Қазір ресейлік азамат қамауға алынып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді прокуратура өкілі.