Қарағандыда мектептен өрт шықты

12 қыркүйекте Қарағандыда Восток-1 шағын ауданында орналасқан №36 орта мектебінде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитеті.

Өрт 20.56-де басталған. Шатырдың ағаш конструкциясы тұтаныпты. Өрт аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Өрт 22.55-те сөндірілді. Салдарынан ешкім зардап шекті.

Қарағанды облысының білім басқармасы басшылығы балаларды басқа мектептерге бөлуге шешім қабылдаған.


Өрт сөндіруге 55 адам және 15 техника қатысты.