Сараптама қортындысына сүйенсек, ұшақтағы тепе-теңдікті сақтайтын құрылғыны басқару механизмі істен шыққан. Бұған-осы механизмдегі бір бұранданың өздігінен ағытылып кетуі себеп екен. Сондықтан ұшқыш барын салса да ұшақ басқаруға көнбей, сол жағына қарай кете берген.
Естеріңізге салсақ, сәуірдің 24 күні Марат Едігеев пен штурман Руслан Галимзянов мінген ұшақ таңсәріде Ағой ауылының маңында апатқа ұшыраған. Штурман секіріп үлгергенімен командир қапы қалады. Істен шыққан ұшақ өз шеңберінен шыр көбелек айналғаны былай тұрсын, жерге қарай секундына 6 шақырым жылдамдықпен құлдилапты.
Мынау марқұмның жан тапсырған жері. Штурманды секіртіп жіберген Едігеев соңғы секундтарға дейін тізгінмен алысыпты. Бірақ ауылды ажалдан арашалағанымен өзін құтқара алмады. Бүгін қаза тапқан ерге тағзым еткендер оның құлаған жеріне де, құтқарған ауылына да бір-бір белгі қойды.
Исатий Джолаев, Әскери әуе базасы командирінің орынбасары:
- Бүтіндей бір ауылдың амандығын ойлап, өз басын өлімге тіккен батыр әріптесіміздің басына ескерткіш орнатуды азаматтық парызымыз деп санадық. Жас ұрпақ бүгінгі күннің батырларын білу керек.
Сараптама қортындысы бойынша ресейлік шеберлер жөндеу жұмыстары кезінде конструктивті өндірістік олқылыққа жол берген деген байлам жасалған. Оны өздері де мойындапты. Бірақ шығынды өтеу-өтемеуі және тиісті сыбағаларын алу алмауы жағы айтылмады. Десек те, Қарағанды әуе базасының ұшқыштары келесі аптада дәл сол зауытта жөнделіп біткен тағы бір ұшақты алып келуге аттанғалы отыр.