Цех қаланың ескі бөлігіндегі Бабушкин көшесінде орналасқан екен. Кәсіпорын жұмысшылары қарапайым газдалған суды "Сары ағаш" минералды суы ретінде пластик бөтелкелерге құйып таратып келген.
Цех ішінен су құйылған 100, бос 200 бөтелке табылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары суды бөтелкелерге құюға арналған аппарат, жапсыратын қағаздар, тығындар, газ баллоны мен басқа да жабдықтарды тәркіледі.
Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.