Қарағандыда мұғалімдердің қателігін айтқан ата-ананың басы дауға қалды

Қаладағы нөмірі 53-ші мектеп лицейінің мұғалімдері мен бір топ ата-ана қазір бастауыш сынып оқушысы Алинаның анасымен қырғи-қабақ. Айтуыларынша, Ғалия Ковалева сабақтарға баса көктеп кіріп, оқу процесін бейнетаспаға түсіріп, мұғалімнің ауызын аштырмайды. Тіпті, қысымға шыдамаған бір ұстаз жұмыстан кетіп тынған.

Любовь Салиева, әлеуметтік педагог:

-Оған психиатордың қабылдауына жазылуы керек. Себебі кішкентай екі баланың анасы. Соларға да залал келе ме деп қорқамыз. Айтқанды түсінбейді. Мұғалімдермен бас көз жоқ дауласады. Бүкіл мектеп ұжымын мезі қылды.

Директор бастап қалғаны қоштаған ұжым қазір Ғалия кіріп кетпесін деп мектептің есігін торумен жүр. Мезі болғасын Ковалеваның үстінен сотқа арызданып, баласын мектептен алып кетуді, тіпті қылмыстық іс қозғауды талап етіпті.

Рахат Қазтаев, мектеп директоры:

-Ол кісі сабаққа кіріп мұғалімнің сабағын талдағысы келеді. Мұғалімнің жұмысыны бақылағысы келеді. Оның барлығын түсіндіріп айтсақ, сіздер маған қарсы шығып жатырсыздар дейді. Баланы қай кезде әкелгісі келсе сол кезде әкеледі. Сол кезде сабаққа кіріп балаларды аудио видео жасайды. Ол кезде конституциялық құқықтары бұзалады.

Ал Ғалия Ковалеваның уәжі басқаша. Қолындағы бір бума құжатта мектептегі орын алған олқылықтар тайға таңба басқандай жазылып, комиссиямен растаған. Осы былықты әшкере ету ішін бір рет сабаққа қатысып таспаға түсіргенім рас еді дейді. Осының негізінде қызы оқитын сыныптың мүғалімі сабақты дұрыс өткізбегені үшін жұмыстан қуылып, директор сөз естіген. Оқушының анасы менменсіген мектеп басшылығына кереғар келгенім үшін артыма шам алып түсті деп отыр.


Ғалия Ковалева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Балалардың дене тәрбиесі арнайы киімсіз, сабағы дәлізде, есігі ашық жатқан шаруашылық бөлменың жанында өтеді. Заң бойныша белгіленген вариативті сабақтар өткізілмейді. Санитарлық талаптар өрескел бұзылады. Мұның барлығын тексеріс растады. Әлі талай заңбұзушылқатар бар бұл мектепте.

-Былықтары әшкере болғанда атша тулаған мектеп ұжымы, жанұяны оқу орнынан аластату керектігін айтады. Бір ата-ана тіпті Ковалева қан қысымымды көтеріп жіберді деп арыз жазып үлгеріпті полицияға. Ал көптің көзіне күйік болса да заңдылықты талап еткен Ғалия, қолындағы бар құжатпен сот ісінде тайсалмақ емес. Өйткені шара қолданар деп үміт күткен білім басқармасы бұл бүлікті білсе де, былқ етпей әлі отыр.