Пышақтың жүзі мына матаны кесіп өтіпті. Анықтап қарап, кәдімгі мұрын сүртетін орамал екенін білгенде асқа деген тәбетіміз бірден қашты дейді олар. Нанды алып дүкенге барғанымен олар, наубайханаға сілтеген. Ал нан пісіретін цех басшысы о баста кездесуге келісім бергенімен, кейін мүлдем қарасын батырыпты. Енді нанға қараудан қалған отбасы құзырлы орындарға шағымданып, шара қолдануды сұрап отыр.
Жанар Іргебева, Қарағанды қаласының тұрғыны
:
-«Мама, біз нан жемейміз» дейді. Шынын айтайын нан жегіміз келмей қалды. Масқара мынау, сұмдық. Шүберек, мұрын сүртетін орамал, бұл.
Loading...