Қарағандыда Нұра өзенін сынаптан тазарту мәселесіне арналған қоғамдық тыңдаулар өтеді

Ю.Калмыкованың айтуынша, Нұра өзенін сынаптан тазарту жобасының әсері аймағында орналасқан ауылдардың тұрғындары мұндай тыңдауға алғаш рет атсалыспақшы. "Қауіпті аймақта 7 ауыл орналасқан. Мұнда ұзын саны 15 мың тұрғын бар. Жобаның талқыланып жатқанына бірнеше жыл болғанына қарамастан, ондаған жылдар бойы қауіпті аймақты мекен еткен адамдардың талаптары мен тілектеріне бір де рет құлақ асылмаған. Сынап шөгінділерін өзеннің түбінен көтеріп алуға бағытталған ауыр әрі қатерлі процессті бастан кешіретін де солар болмақ",- деді ол. "Жобаға сәйкес атқарушылар аталмыш ауылдардың тұрғындары үшін толыққанды қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етіп, қандайбір төтенше жағдай болған күнде шығынның орнын толтырып берумен бірге ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, егістіктерді суаруға арналған қосымша су көзлерін тартып беруі тиіс",- деді Ю.Калмыкова.

Нұра өзенін сынаптан тазарту жұмыстары 2006-жылы басталып, екі жылға созылады деп күтілуде.