Қарағандыда офицер асылып өлді

31-жастағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қаржы бөлімі бастығының денесін өткен сәрсенбіде қаланың шағын аудандарының біріндегі ағаштар арасынан жергілікті тұрғындар тауып алған, деп хабарлады бейсенбі күні қорғаныс істері жөніндегі облыстық департаменттен.

Хабарлаушының сөзіне қарағанда , оның әріптесі Қарулы күштер сапында 2008 жылдан бері қызметте жүрген. «Қаржы бөлімінің бастығы қызметінде капитан 2011 жылдан бері жұмыс істеп келген.Суицид себебі бізге белгісіз»,-дейді департамент өкілі.