"Тұтқындалушы кәсіпкерден алкогольдік өнімді сату, сақтау және тарату лицензиясын беру үшін 55 мың теңге көлеміндегі параны бопсалаған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы "а" тармақшасы (Бопсалау жолымен пара талап ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тұтқындалушы уақытша тергеу изоляторына қамалған.