Caravan Logo

Қарағандыда он бір күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті ағашта ілініп тұрған жерінен табылды

Қарағандыда он бір күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті  ағашта ілініп тұрған жерінен табылды


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Ер адамның денесі 11 шілдеде таңғы уақытта "Қарағанды-Сортировочная" станциясының маңынан табылған. Кейінірек мәйіттің 1 шілдеде із-түссіз жоғалып кеткен ер адамға тиесілі екені анықталды. "Шамамен сағат 09.00-де Қарағанды қалалық ІІБ Октябрь аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала орталығында орналасқан өткелдің аумағында адам мәйітінің ағашқа ілініп тұрғаны жайлы хабарлама келіп түсті", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдерінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында. Сондай-ақ, полиция өкілдері бұл деректің сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелгенін айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды