«Айыпталушы тергеу кезінде қолхат негізінде босатуды сұрады. Алайда, сот жасалған қылмыстың ауырлығын ескерген сот полицейді тұтқындау туралы шешім қабылдады», - деп хабарлайды сот кеңсесінен.
Тұтқын Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментіне қарасты АК 159/1 тергеу изоляторына жеткізілді.
Полицейдің әрекетінен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі басшылары да зардап шекті.
ІІД дисциплинарлық комиссиясының шешімімен аталған ІІБ бастығы мен оның кадр мәселелері жөніндегі орынбасары қызметтен босатылды.
«Олар бақылаудың әлсіздігі мен Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімшесінде тәртіпті қамтамасыз етпегені үшін жазаланды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Жаңа-Майқұдық аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары да жұмыстан босатылды. Ол жол апатына кінәлі полицеймен бірге «Медик» демалыс орнында баласының туған күнін атап өткені үшін жазаланып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, өткен жексенбіде аудандық ІІБ бастығының орынбасары Абай ауданының Топар ауылы маңында 25 жастағы бойжеткенді қағып, оқиға болған жерден қашып кеткен. Қыз сол жерде жан тапсырды. Сараптама нәтижесінде оның көлікті мас күйінде тізгіндегені анықталды.