Қарағандыда оқушы қыздардың пәктігін саудаға салғандар сотталды


-Меня сюда позвали заработаь деньги.

– Каким образом?

– Проституцией.

Екі езуі екі құлағына жетіп, арсыз күліп тұрған мына 49 жастағы Илья Цыплаков осыған дейін де тән саудасында делдалдық жасағаны үшін істі болған екен. Енді ол тіпті еркінсіп, 14- те гүлі ашылмаған қыздың пәктігін саудаға қойыпты. Сыбайласы, 19 жастағы Надежда Денисюк екеуі аңқау қыздарды алдап көндіріп, клиентпен келісім жасаған. Сөйтіп жүріп, ақыры тәртіп сақшыларының қақпанына түсіпті. Қарағанды облыстық ювеналдық сотының шешімімен ер адам 9, сыбайласы 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.