Қарағандыда өрт салдарынан екі бала көмірқышқыл газынан уланып қалды

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қарағандыда Қазыбек би ауданында бес қабатты көппәтерлі үйде 1 шілдеде 13 сағат 14 минутта 2 мен 4 қабаттар аралығында 6 шаршы метр аумақта тоқ есептегіштер мен кабельдер жанды.

Өрт салдарынан 2 және 5 жастағы екі бала орташа деңгейде көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 техникасының күшімен сөндірілді.