Қарағандыда өрт салдарынан үш адам зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданында бес қабатты тұрғын үйде 27 мамырда 04 сағат 12 минутта бес шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өрт салдарынан екі әйел мен 45 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Өрт 04 сағат 41 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен сөндірілді.