Қарағандыда орталық әмбебап дүкені қоршауға алынды

Болжам бойынша, олар сауда орталығының ғимаратынан жарылғыш зат іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, полицейлер ғимаратты қоршауға алған. 

Ғимаратта жарылғыш зат табылмады. Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжат Құдияровтың айтуынша, 19.45-те "102" пультіне сауда орталығында жарылғыш заттың бар екендігі жайлы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келген полицейлер жарылғыш зат таппады, 500 адам эвакуацияланды. 20.45-те қозғалыс қайта қалпына келтірілді.