Қарағандыда орталық саябақтағы көлден адамның басы табылды

Бұл жантүршігерлік оқиға жөнінде ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

«Көлден адамның басы табылды. Төтенше оқиға орнына сүңгуірлер келді. Оларды полицейлер шақырып, суда адамның денесі бар-жоғын іздестіруді өтінді. Алайда ештеңе табылмады», - деп хабарлады облыс ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиғаның мән-жайын тексерумен полицейлер айналысуда.