Қарағандыда педофил тура жұмыс орнында тұтқындалды

Азғынның мекен-жайын полиция ұялы телефонынан таралған белгі арқылы тез тапты. Сол кезде, құрылысты күзетудің орнына ол телефонына кезекті жеткіншектен ұятты суреттер келіп жатқан екен. Алғашында қипалақтаған 34 жастағы азамат кейін оқушы ұлдарды қорқытып, жалаңаш суреттерін мәжбүрлеп сұратқанын мойындады. Балаларының нәпсіқұмар бейтаныс адаммен жазысқан хатын ата-аналар оқып қойып, тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Ал құрылыста істейтіндер томаға-тұйық әріптесінің педофил екенін біліп, жағаларын ұстап отыр. 

Loading...