Қарағандыда полицейлер жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер үшін 20 литрден астам қан тапсырды

Бұл туралы өңірлік ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Республикада «Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» өтіп жатыр. Шара аясында Қарағанды облысының тәртіп сақшылары «Қан тапсырып, өмір сыйла!» акциясын ұйымдастырды. Шараға 60-тан астам адам қатысты, олардың 24 донорлар болып табылады», - делінген хабарламада.

Полицейлер шамамен 22 литр қан тапсырды.

Қарағанды облысында жыл басынан 760-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 144 адам қаза тауып, 937 азамат жарақаттанған.  

«Жолда жүру қауіпсіздігінің апталығы» республикалық акциясы жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Бүкіләлемдік жол-көлік апатының құрбандарын еске алу күні қарсаңында  өтіп жатыр