Қарағандыда полиция екі жергілікті тұрғыннан бір центнерден астам марихуана тәркіледі

Оның келтірген мәліметтерінше, шұғыл іздестіру шараларының барысында 27 ақпанда полицейлер "ГАЗ-32213" автокөлігін тоқтатады. Оның жүргізушісі 31 жастағы Қарағандының жұмыссыз тұрғыны болып шыққан. Автокөліктің ішіндегі адам 29 жастағы жұмысы жоқ қарағандылық болған.

Пияз салынған көлікті тексеру барысында ішінді сұрғылт- жасыл түсті заты бар 10 полимер қапшық пен қою- жасыл түсті заты бар қағаз дорба байқалады. Сараптаманың анықтамасы бойынша полимер қапта 105 кг 430 г марихуана, ал қағаз дорбада 1,11 г гашиш салынған.

Бұл дерек бойынша қазіргі кезде ҚР ҚК 259 бабы 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскендер уақытша қамауда отыр. Тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті