Қарағандыда полиция киімін киіп, той қонақтарын қорқытқан асаба жазаланады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Тәртіп сақшылары полиция формасын киген адамның асаба екенін анықтады.

«Полиция әрқашан әзілге, пародияға және сындарлы сынға оң көзбен қарайды. Бірақ мұндай видеолар ішкі істер органдарының санитарлық дәрігерлермен бірге карантинді бұзудың алдын алып, коронавирустың таралуына тосқауыл болуға тырысқан қызметкерлерінің күш-жігерін төмендетеді. Осылайша, тамада полиция қызметкерлерінің беделін түсіріп, той ұйымдастырушының құқық бұзуына ықпал етті деп санаймыз. Белгіленген ережелер мен шектеулерді сақтау - өте маңызды. Ал отбасылық шараларды айналасындағыларға қауіп төндірмей, аз адаммен ғана өткізуге болады», - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков. Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК 675-бабы бойынша жалған полицейлік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралып жатыр.


Мерекені ұйымдастырушыға қатысты материал ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тиісті мекемеге жолданған.