Қарағандыда полиция қызметкері көлік апатынан көз жұмды

Қалалық ішкі істер басқармасының Октябрь аудандық полиция бөлімінің қызметкері сейсенбі күні кешкісін көлік тізгінін игере алмай қарсы бетте келе жатқан «Опел» көлігіне барып соқтығысқан. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық жедел жәрдем орталығы мәлімдеді.

Зардап шеккен полиция қызметкері ауыр жарақаттан көз жұмды.


"Опель" жүргізушісі дін аман.