Қарағандыда прокуратура несиені заңсыз алған күдікті төрт топты анықтады - газет

"Негізінен кепілдеме немесе табысын растау талап етілмейтін несиелер рәсімделген. Делдалдар туыстар немесе таныстар арқылы табылып отырған. Шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына айрықша көңіл бөлінген", - деп жазады басылым.

Газеттің ақпаратына сүйенсек, аталмыш топтардың мүшелері болашақ құрбанға несие рәсімдеп ақшаны оларға беруге көндірген. Ал құжаттарын пайдаланғаны үшін несие көлемінің 5-10 пайызы көлеміндей сыйақы беріп келген. Адамдар олардың сөздеріне сенген. Біршама уақыт өткеннен кейін несиені рәсімдеушінің атына міндеттемелерін орындамағаны жөнінде банктің ескертулері келіп түскен.