Қарағандыда қаптаған ойын автоматтары трактормен тапталып жойылды


Ал оларды орнатқандарға айыппұл салынған, деп хабарлайды КТК

Бір отбасыға ғана тиісілі мына автоматтардың барлығы Қарағандыда  былтырдан бері жұмыс істеп келген. Сондықтан олар оңай олжаға әбден кенелген сынды. Өйткені полицейлер автоматтарды тәркілеп, кеңселерін тінту кезінде-ақ 12 миллион теңгеден аса қаражат табылған. Ал осы автоматтардан пайдаға кенелгендер жазаланды. Сот отбасындағы үш адамды 3 жарым миллион теңгеден айыппұл төлеуге міндеттеген.