Қарағандыда қараусыз қалған сөмке жұртты әбігерге түсірді

Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

«25 ақпан күні 10:48-де 102 жедел басқару орталығының пультіне сауда үйінің орталық кіре берісіне тастап кеткен қара сөмке туралы хабарлама келіп түсті. Жедел қызмет келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялады», - дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сөмкенің иесі табылды. Сауда үйінің күзетшілері ер адамды жүгімен бірге ғимаратқа кіргізбеген. Сол себепті ер адам кіре беріске тастап кетуге мәжбүр болған. Ер адамның ешқандай қастық ойламағаны және күзетшілер талабымен тастап кетуге мәжбүр болғаны ескеріліп, қамауға алынған жоқ.