Толассыз соққан қарлы бораннан жүру былай тұрсын, адым жер көрінбей қалды. Салдарынан жолдар жабылып, қозғалыс тұралады. 400-ден астам жүк көлігі Қарағандыдан шыға алмай қаңтарылып тұр. Діттеген жерге кешіктік деп байбалам салғанымен олар үшін көлік бекеттері ашылған жоқ. Өйткені дала түгілі қаланың ішінде де қозғалыс қиындап, жол көлік апаттары жиіледі. Коммуналдық қызмет де көшені тазартып үлгере алмай жатыр. Сондай-ақ дүлей желдің екпініне шыдамай бірнеше ғимараттың шатыры ұшқан.
Loading...