Зоя Букина, саяжайшы:
-Саяжайда банан мен апельсин өспейді. Мынаны қараңдар, саяжай өнімін аламыз деп келгендерге қытайдың қызанағы мен қиярын сатып жатыр. Заңсыз тұрғандарымен қоймай, өзімізге сес көрсетеді.
Күн жылығалы бері, кәрі-құртаң мен алыпсатарлардың айқайынан қала ортасындағы жұрттың мазасы қашты. Өйткені, тегін жерді, кәсіпкерлер пайда көзіне айналдырып алған. Тауарын үйіп тастаған саудагерлер маңайына қарияларды жолатар емес. Саяжай өнімдерін арқалағандар болса, биліктің өзі ашып берген сауда нүктелерін қадағалап жатқан ешкім жоқ деп қынжылады. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінде, заңсыз сауда жасағандарды әкімшілік жауапқа тартуға болады деп кеңес берумен шектеліп қана отыр.
Loading...