Қарағандыда қатардағы жауынгерді өлімге итермелеген төрт әскери қызметкер сотталды

Әскери сот кеңсесінің хабарлауынша, сот әскерилердің үшеуін жеті жылға, біреуін алты жылға бас бостандығынан айырды.

Іс материалдарына сүйенсек, өткен жылы ІІМ Ішкі әскеріне қарасты №5451 бөлімше әскерилерінің озбырлығына төзбеген қатардағы жауынгер Ринат Ақмолдинов бақылау мұнарасында өз-өзін атып тастаған.


Әскери-тергеу басқармасы күдіктілердің жауынгерді қорлағанымен қоймай, үнемі одан ақша бопсалап келгенін анықтады.