«Біз азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқару кезінде қаза тапқан әріптестеріміздің ерлігін ұмытпауымыз керек», - деді Қарағанды облыстық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Мергенбай Жаппаров шарада айтқан сөзінде.
1998 жылы күзде қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза болған Қарағанды қаласының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, милицияның аға лейтенанты Нұрлан Байғасқин мен жол полициясы инспекторы, милиция аға сержанты Рүстем Мәжитов мәңгілік есте қалдырылды. Мемориалдық тақталар олар тұрған үйлерге орнатылды.
1998 жылдың қарашасында Қарағандыдағы қант орталығына шабуыл жасалған. Таратылған мәлімдеме бойынша жол полициясының жасағы сезіктілер болған көлікті тоқтатқан. Құжаттарды көрсетуді талап еткен кезде көліктегілердің бірі тапаншамен оқ атқан. Милицияның сержанты Р.Мәжитовке алты оқ тиіп, ауруханада ажал құшты. Ол кезде ол 26 жаста болған, оның 4 жасар баласы әкесіз қалды.
Бұдан кейін қылмыскерлерді ұстау үшін «Сирена» жоспары жарияланды. Қылмыскерлер келеді деген болжаммен пәтерлердің бірінде тәртіп сақшылары күтіп отырған. Жоспар жүзеге асты, алайда қылмыскерлер қаруланған болды. Ұстау кезінде олардың бірі қаза тауып, екіншісі жарақаттанды. Атыс кезінде милицияның аға лейтенанты 31 жастағы Н.Байғасқинның басына оқ тиді.
Еске алу шарасына ІІБ-нің қызметкерлері мен ардагерлері, Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров, қаза тапқан тәртіп сақшыларының туыстары мен жора-жолдастары қатысты.