«2015 жылы 8 қаңтарда қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық бойынша жиында бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы қаралды. Нәтижесінде 22 жоба мақұлданды, соның үшеуі Қарағанды облысында. Бұл - көмірді газификациялау бойынша зауыт құрылысы, «Сарыарқа» ӘКК аумағындағы кешенді қорытпа зауытының, сонымен қатар Шет ауданы Көктенкөл кен орнындағы молибден, вольфраммолибден кендерінің өндірістік құрылымы мен кен-металлургиялық кешенінің құрылысы», - деді өңір басшысы.
«ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жобалар дирекциясының жетекшісі Арман Сәулебай хабарлағандай , көмірді газификациялау бойынша зауыт құрылысын 2017 жылдан бастап, 2019 жылы іске қосу көзделген.
«Кешенді қорытпа зауытының құрылысы бойынша ТЭН құрылды, құжатты сараптамаға тапсырудамыз. Жоба жұмыстарын құрастыру бойынша бас мердігер «ҚарағандыЭкспертпроект» болады, - деді Қарағанды кешенді қорытпа зауытының бас директоры Талғат Мақаев.
«Бұл жобаны жүзеге асыру аймаққа 82,5 млрд. теңгеден астам инвестиция тартып, шамамен 3000 жұмыс орнын ашуға септеседі», - деді облыс әкімі.
Бас директордың сөзіне қарағанда, жобаның 80%-ын Қазақстан даму банкі қаржыландырады. Қазір займ алу мәселелері қаралуда.
Көктенкөл кен орнындағы молибден, вольфраммолибден кендерінің өндірістік құрылымы мен кен-металлургиялық кешенінің құрылысы бойынша жобаны 2054 жылға дейін жүзеге асыру көзделген. Ол үш кезеңде жүзеге аспақ. «Жобаны жүзеге асыру кезінде инвестицияның жалпы көлемі шамамен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайды», - деді кәсіпорын басшысы.
Н. Әбдібеков өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасына аталған жобалардың жүзеге асуын қатаң бақылауды тапсырды.