Қарағандыда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

25 сәуірде Қарағанды қаласы Октябрь ауданының 12- ықшам ауданындағы үйлердің бірінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. ​

Аталған дерек бойынша барлық ішкі істер органы қызметкерлеріне бағыттама берілді. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері шақалақтың анасын іздестіріп жатыр.

​Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда.