Қарағандыда қос ғашыққа мүсін орнатылды

Ұлттық киім киген ер жігіт пен қыздың кеуде тұсы жүрек бейнесінде ойылған. Ортасында үш қоңырау тұр. Авторлардың айтуынша, оның бірі қыздың жүрегі, екіншісі жігіттікі болса ортасындағы үлкені – екеуінің арасындаға үлкен махаббат сезімі. Туындыға сақ дәуірінің және осы заманғы элементтерді үйлестіруіміз қазір заман тынысынан жаңылмау дейді олар. Мүсін тек қана бетоннан, бір айдың ішінде жасалып шығыпты. Сондықтан биік өнердің туындысы болмаса да, қаланың ортасынын ойып тұрып қазақы мүсіннің орын тепкені қуантады дейді тұрғындар. Ал мұндағы екеуге ауыздың жасалмауында өзіндік пәлсапа бар екен.


Қаныш Балабеков, мүсінші
:

-Ұлы хакім Абайымыз атқандай, ғашықтың тілі тілсіз тіл . Ішкі сезім махаббат ол. Қалада қанша ескерткіш болса да махабатка, ғашықтыққа арналған мүсінді көре алмадық .