«20 мамырда сағат кешкі 19.09-да Жамбыл көшесі бойында қос пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына күштер мен құралдар жіберілді. Өрт күрделілігі бойынша екінші дәрежелі деп бағаланды», - делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтауға 44 жеке құрам қызметкері, 13 техника жұмылдырылды. Жалынды сөндіруге екі сағат кетті. Өрт аумағы 390 шаршы метрді шарпыды.
«Құрбандар мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - деп нақтылады ТЖД баспасөз қызметінен.