Қарағандыда құбыр салып жүрген екі жұмысшыны топырақ басып қалды


Тереңдігі 2 жарым метрден асатын арықтың ішінде құбыр салып жүргендер оқыс жағдайдың боларын сезбесе керек. Жоғары тұрған біреуін жұмысшылар жабылып жүріп аршып алыпты. Ал 35 жастағы мына азаматтың аяғы құбырға қысылып, шыға алмаған. Құтқарушылар оның аяғын зақымдап алмау үшін біраз алысты. 1 сағаттай топырақтың астында жатып, аяғынан жарақат алған жұмысшыны ауруханаға апаруға тура келді.