Қарағандыда құлдыққа түскен өзбек азаматтары бостатылды

7 құрылысшыны Қарағандыға өз отандастары алдап әкеліпті. Әрқайсына 70 мың теңгеден айлық төлейміз деп алдап, құжаттарын алған бойда тайып тұрған. Сөйтіп 7 өзбек ақпан айынан бері жұмысқа жегілген көрінеді. Ақы орнына оңбай таяқ жеген. Ақыры амалын тауып, жолшыбай көліктердің бірімен әуелі Таразға, кейін Шымкентке жетіпті. Бірден құзырлы оорындарға шағымданған. Қарағанды полициясы өзбектерді тегін жұмыс істеткендердің біреуін ұстағандарын айтады. Қалғанына іздеу жарияланған. 

Жұманазар Орманов, Өзбекстан азаматы

-Жанымдағылар 4 айлық жалақысын алғысы келетінін айтып еді, жұмыс берушіміз бірден беліндегі белдігін шешіп, қазір әйеліме жасағанымды сендерге жасаймын деді. Аяғымды жалайсыңдар деп қорқытты. Жұмыс істемесеңдер өлтіреміз, ал полицейлерге барсаңдар өздеріңді соттатам деді. Сол үшін біразға дейін қашуға да қорқып жүре бердік.

Loading...