Қарағандыда "Құқық пен тәртіп" шарасының нәтижесі шығарылды

Шара барысында іздеуде жүрген 52 қылмыскер ұсталып, хабар-ошарсыз кеткендер санатындағы 24 адам анықталды. Шара кезінде 24 қару, соның ішінде 9 ойындылы қару заңсыз айналымнан шығарылды. Жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтауға қатысты 16 дерек әшкереленді.

17-сәуірде Шахтинск қаласында қолдан жасалған жарылғыш құрал алып жүрген 52 жастағы еркек ұсталды. Құрал оқ-дәрі, бытыра және шегелермен жабдықталып, аэрозольды баллоннан жасалыпты. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде, құралдың иесі қамауға алынды.