Қарағандыда Құрбан айт мерекесі қарсаңында үшем дүниеге келді

Жас отбасының 5 жасқа келген Владислав есімді тұңғыштары бар. Енді оның қатарын Максим, Илья және Полина есімді үшемдер толықтырып отыр.  Дүниеге шыр етіп келген шараналардың салмақтары да әжептәуір. Екі келінің айналасында екен. Жас отбасының Саран қаласында пәтер кезегінде тұрғанына көп жылдай болыпты. Осыны ескерген қала басшылығы үшемдердің отбасына 3 бөлмелі пәтерді сыйлап жіберді. 


Оксана Рассказова, үшемдердің анасы:

- Мынау тамаша сыйлық болды біз үшін. Өзім жетім өскендіктен болшақта үлкен отбасым болса деп армандайтынмын. Енді міне төрт балам бар, оған қоса баспана да бұйырды.