Қарағандыда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды


Адам атып өлтірді деп айыпталған Станислав Ким 2006 жылдан бері іздеуде жүр екен. Осыдан 8 жыл бұрын қала ортасындағы казинолардың бірінде сөзге келіп қалған белгілі бизнесменді атып өлтіріп, қашып кеткен. Содан бері күдіктінің ізіне полиция жақында ғана түсіпті. Басқа мүмкіндіктің болмайтынын білген полицейлер түс мезгілінде оны қаланың қақ ортасында тұтқындады. Қарсылық көрсеткісі келгенімен, арнайы жасақ сарбаздары оның қолына тырп еткізбестен кісен салған. Қаскөй оққа толы мына тапаншасын да атып үлгерген жоқ.