Қарағандыда қылмыскер түрмеден қашты

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты АК-159/1 мекемесінде  27 шілдеде шаруашылық ауласындағы  жұмыстан кейін «Автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену немесе ірі залал келтіру» ҚК 185-бабының 3-бөлігі бойынша жалпы режімдегі түзеу мекемесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылған азаматтың қашып кеткендігі анықталды,  делінген хабарламада.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 358-бабы (Жазасын өтеуші немесе алдын ала қамаудағы адам жасаған бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздестіру амалдары жүргізілуде.