Қарағандыда қымбат коттедж жанып кетті

Өздері дін аман үйдің қожайындары аулада тұрған көліктерін ғана шығарып үлгеріпті. Бизнесменнің басқа дүние-мүлкі іште қалған. Шатырдан басталған жалын айналасы бір сағаттың ішінде 400 шары метр ғимараттың дымын қоймады. Бірнеше техника мен 44 өрт сөндіруші 2 сағат алысып жатып, үйдің сау тамтығы қалмағанда ғана жалынды өшірді. Қазір апаттың себептері анықталуда. 

Loading...