Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Дезофарм" ЖШС ауданаралық экономикалық сотқа мемлекеттік қызметті сатып алу жөніндегі байқаудың нәтижесіне келіспейтіінн айтып шағым түсірген. Байқау қорытындысы бойынша "Джио-трейд" ЖШС жеңімпаз деп танылған, ал оның бір құрылтайшысы санитарлық- эпидемиологиялық сараптама орталығы директорының жұбайы болып табылады. Осыған байланысты С. Мартынов "Дезофарм" ЖШС басшылығынан сотқа түсірген шағымын кері қайтарып алуды және оған 1,2 млн теңге көлемінде пара беруді талап еткен. Бұл параны С.Мартынов өзі өкілі болып табылатын тапсырыс беруші - мемлекеттік кәсіпорынның атынан атжалманға қарсы қолданылатын у сату жөніндегі ертеректе қол қойылған келісім бойынша жүктеп алған міндеттемесін кедергісіз орындау үшін сұраған.
"21 мамырда "Дезофарм" ЖШС ғимаратында ҰҚКД қызметкерлері 600 мың теңге көлеміндегі параны беру үстінде А. Ястребов есімді делдалды ұстады, ол С. Мартыновтың тапсырмасымен әрекет еткенін мойындап жауап берді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
С. Мартыновты тұтқындауға шешім қабылданды.