Қарағандыда "Сарыарқа әуежайы" АҚ-ның мемлекеттік акциялар қоржынын сатуға арналған тендер өткізілмек

Акциялар пакетінің құны бастапқы 600 млн. теңге қалпында қалтырылды. Инвестициялық тендерде екі жыл ішінде 4 млрд. теңге шамасында қаржы салуға есептелген 12 көрсеткішті инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қарастырылған. Инвестициялық бағдарламаға ұшу жолағын реконструкциялап күрделі жөндеуден өткізу, уақытша жүк сақтайтын қоймалар салу, ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және диспетчерлік басқару аппаратурасын жаңалау тәрізді міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс тапсырмалар қамтылған.

Бұл осы мақсатта үшінші мәрте өткізіліп отырған сауда-саттық шарасы болғандықтан белгіленген тәртіп бойынша, оған бір ғана қатысушы келген жағдайда да сауда -саттық қайткенде өткізіледі деп күтілуде. Осындай баламасыз тендерде бір ғана тапсырыс беруші болса жетіп жатыр.