Қарағандыда сауда орталығы жарылады деген суыт хабар жұртты әбігерге салды

Не болып, не қойғанын түсінбеген тұрғындар ғимарат алдына жиналған.  Оларды іште жүрген жерінде күзетшілер қояр да қоймай сыртқа сүйреп, ғимаратта жарылғыш зат бар деп естерін алыпты. Сақтық шарасы ретінде полиция қызметкерлері жұртты қоршап жүріп жолдың қарсы бетіне шығарған. Сауда орталығында жұмыс істеген құтқарушылар ғимаратты 2 сағаттай тінтіп, жарылғыш затты ақыры таппады. Елді дүрліктірген телефон лаңкесін анықтау полицияның енді еншісінде. Бір қызығы, дәл осы сауда орталығы соңғы бірнеше жылда үшінші рет осындай қауесеттің құрбаны болған.  


Ольга Гольпер, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Масқара қарбалас болды. Жарық сөніп қалды да эскалатор тоқтап, төменге ұмтылған адамдар бір-бірін баса көктеп жатты. Тіпті абдырап қайда қашарымызды білмедік.