Апат Оңтүстік-шығыс-Майқұдық автожолының бойында, мешіт ғимаратынан 300 метр жерде болған. "ВАЗ-2109" автокөлігі "Опель-Вектра" автокөлігімен соғысып қалды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен "Жигулидің" төрт, "Опельдің" екі жолаушысы оқиға орнында опат болды. Қаза тапқандар арасында 7 жасар бала да бар.