Қарағандыда секіріп өлмек болған мектеп оқушысы құтқарылды

Бес қабатты үйдің шатырында отырған қызды аулаға жиналған жұрт райынан қайтаруға тырысқанымен бойжеткен көнбеген. Құтқаруға әрекет жасағандарды көргенде тіпті шатырдың шетіне қарай ығысып есті шығарды. Дегенмен сарбаздың екеуі шатырға шығып, бірі сөзге айналдырып тұрғанда, екіншісі шалт қимылдып қолдан шап берген. Оқиға орнына жеткен анасы жақында жүрегіне ота жасалғасын оның күйзеліске бой жеңдіргенін айтып ақталыпты. Жабылып жүріп жерге түсіргенде бойжеткен есінен танып, ауруханаға жөнелтілді.

Мейрамбек  Керімханов  «Орталық» әскери қолбасшылығының №5451бөлімінің сарбазы:

-Мен екі қадам жасағанда, қыз үйдің дәл бұрышына келіп отырды тайғанап. Лейтенант Макашевпен сөйлесіп тұрғандай боп  қызды қолынан ұстап тартып алдым

Loading...