Қарағандыда шіркеуден ұрланған 41 миллион теңге ақыры табылмады


2 жыл бұрын провослав шіркеуі тоналып, ұрылар іле шала ұсталған. Діндарлар 90 миллион теңге қолды болғанын айтқанымен, полицейлер оларға 49 миллионын ғана қайтарып беріпті. Іле-шала сол жерде жұмыс істеген полицейлер сезік тудырып, оларға қарсы іс қозғалған. Ақшаны тыққан жерді көрсеткесін, тәртіп сақшылары күдіктілерді қайта қамап тастап, ақшаны өздері ғана тәркілепті. Кейін түгендегенде бірнеше миллион теңгенің орны ойсырап қалғаны анықталған. Бірақ шіркеудегілер сотқа жүгінгенде, қарсы тарап арызда айтылған соманы   дәлелдеп беруді талап етіпті. Садақадан түскен қаражаттың ресми дәлелі болмағасын іс те жылы жабылған.