Қарағандыда "Спутник V"-дың тағы 2 миллион дозасы шығарылатын болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Кешен мен "СК-Фармация" арасында тиісті келісімге қол қойылды. Орындау мерзімі – 2021 жылдың тамыз-қыркүйек айлары", – делінген хабарламада. 

Бұған дейін кешен Қазақстан азаматтарына арналған вакцинаның 5 миллион дозасын шығарған болатын.

"Спутник V" – коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік препарат. 


Ақпан айында Қазақстан "Спутник V" вакцинасын тіркеп, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде шығара бастады. 

Бұл вакцина тұрғындардың жалпы саны 3,5 миллиард адамнан асатын 67 елде мақұлданды.