Қарағандыда студенттер төбелесіне жедел әрекет ету жасағы тоқтау салды


«20-дан астам студент бір-бірімен жанжалдасқан. Жаппай төбелесті тоқтату үшін Қарағанды облыстық ІІД жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері оқиға орнына аттандырылды», делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, жапа шеккендер жоқ. Тек колледждің 17 жастағы 2 курс студенті гүл құмырасын сындырған.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 257 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Төбелестің туу себептері мен оны тудырған тұлғалар анықталуда», делінген хабарламада.

Профилактикалық мақсатта жатақханада тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Студенттердің тыныштығын Оңтүстік-Шығыс ауданындағы полиция бөлімі мен жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері күзетеді.