Қарағандыда суретшілер ауруға шалдыққан әріптестеріне көмектесу үшін қайырымдылық көрме шарасын ұйымдастырды

«Николай Новопольцев - Қарағандыға көрік беріп тұрған көптеген ескерткіштердің авторы. Қазіргі таңда ол қатты сырқат. Әріптестеріне қол ұшын беру үшін суретшілер өз туындыларын сатуға қойды. Қанша қаражат жиналса, соның барлығы суретшінің еміне жұмсалады», - дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Олардың сөздеріне қарағанда, сурет бағалары нарыққа қойылатын әдеттегі бағаларынан төмен. «Өз бағасы 60-80 мың теңгеге бағаланатын суреттер көрмеде 5-15 мың теңгеге сатылуда. Біздің ойымызша, сатып алушылар тиімді сауда жасап қана қоймай, Қарағанды үшін еңбегі сіңген суретшіге қолдау білдіреді», - дейді ұйымдастырушылар.