Қарағандыда талай елді сан соқтырған жалған қаржы полицейі ұсталды


Әзірбайжан азаматшасы кезекті құрбанынан 50 мың теңгені алу кезінде ұсталды. Құрбымның ақшасын алуға келдім деген алаяқ, көлігінен полиция қызметкерінің формасы табылғанда да сасқан жоқ. Айтуынша мұны да құрбысы «жуып қой» деп тастап кеткен. Дегенмен көлікті тінту кезінде оның осы формада түскен фотосуреттері де табылды. Алаяқ бұған дейін де бір азаматшадан қаржы полициясына кіргізем деп 2 миллион теңгеге алыпты.