Қарағандыда тәрбиеленушілері уланып ауруханаға түскен балалар орталығы жабылды


«Hogwarts» балаларды дамыту орталығы қызметін тоқтату жөніндегі шағымын қанағаттандырды.
«Сот алты баланың ауруханаға түсуіне жол берген орталықтың өрескел заң бұзушылықтарды жоймайынша жұмыс істеуіне рұқсат етуге болмайды деп шешті», - деді судья Гүлжан Тастанбаева.
Орталықтың жабылуына балалардың ауруханаға түсуі емес, содан кейін жүргізілген тексеру жұмыстары түрткі болған. Тексеру барысында балалар демалатын бөлмелерде де, асханада да санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың мүлдем сақталмайтыны белгілі болды, деді судья.